ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері есту қабілетін қалпына келтіру үшін науқасқа ота жасады. Оториноларинголог-дәрігер, № 1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талапбек Әшеновтың айтуынша, оссикулопластика - "зергерлік" операция. Ол жергілікті анестезия жасау арқылы жүргізіледі. Бұл дәрігерлерге операция кезінде манипуляциялардың әсерін бірден көруге мүмкіндік береді. Аналогтық өзге операциялар жалпы анестезиямен жасалады: науқас ұйықтап қалатындықтан біз манипуляцияның әсерін бірден "орнында" бағалай алмаймыз, - деп толықтырды хирург.
Толық материалды сілтемеге өту арқылы оқи аласыз https://bmcudp.kz/kz/about/news/7997