Алматы қаласында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Іскер әйелдер қауымдастығы, "Оқжетпес" ЕСК" АҚ, "Хабар" Агенттігі және "КТК" телеарнасы ұйымдастыруымен III Республикалық "Мейірімділік керуені" байқауы өтті.⠀
Іс-шараға Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, "Оқжетпес "ЕСК" Президенті Беркинбаев Қайрат Шералиұлы қатысты.
"Мейірімділік керуені" - бұл қоғамның үздік өкілдері жиналатын үшінші республикалық байқау, олар даңқ пен марапат үшін емес, шын жүректен игі істер жасайды. Биыл байқауға қатысуға 700-ге жуық өтінім берілді. Барлық ұсынылған жобалар- бұл қарапайым адамдардың өмірлік тарихы және әрбір осындай оқиға марапатқа лайық.⠀
Байқау жеңімпаздарының есімдері жеті номинация бойынша анықталды. Шипажай Президенті барлық жеңімпаздарды марапаттап, "Оқжетпес" шипажайына жолдамаларды табыстады.
Барша жеңімпаздарды «Оқжетпес» шипажайы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
"Оқжетпес" ЕСК" АҚ баспасөз қызметі