Медициналық құрал - пациенттің негізгі денсаулығын көрсететін Велнесс / денсаулық/ бағдарламалық жасақтамасы диагностиканың 10 түрін, терапияның 8 түрін және дәрі-дәрмекті тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Санаторий жағдайында қолданыстағы медициналық базаны ескере отырып, сапалы, дербес оңалту шараларын жүргізуге болады.
Медициналық сканерды мына жағдайларда қолдануға болады:
-санаторийлер мен басқа сауықтыру орталықтарының пациенттеріне;
-оңалтудың жеке бағдарламасына;
- кәсіби спортшыларға дене шынықтыру мен спорттық көрсеткіштерді жақсарту үшін;
- фитнес орталықтар мен спорт залдарға келушілерге оңтайлы жаттығу режимін таңдау үшін;
- әр түрлі командалардағы адамдардың денсаулығын тексеру (жүргізушілер, әскери қызметкерлер, мектеп оқушылары және т.б.) олардың жұмысын бағалау үшін;
- медициналық ұйымдарда науқастарды пренозологиялық тексеру үшін.
Денені тез және толық тексеру әдісі физиотерапиялық процедураларды орындауға болатын көрсеткіштерді анықтауға және таңдалған физиотерапия процедурасының қаншалықты тиімді екендігін бақылауға сондай ақ қалпына келтіру немесе емдеу стратегиясын дұрыс таңдалуына көмектеседі.
Кешен оңалтудың жеке шараларын өткізуді бақылаумен және уақтылы түзетумен таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса интегралды медицина принциптерін жеке әзірленген бағдарламаларды таңдай отырып қолдануға мүмкіндік береді: бальнеотерапия, массаж, балшықпен емдеу, гидротерапия, альтернативті терапия әдістері, науқастың жалпы денсаулығына тиімді әсер ететін топтық дене жаттығулары.