Басты бет8 наурыз мерекесімен құттықтау

8 наурыз мерекесімен құттықтау

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Сіздерді төл мерекелереңізбен құттықтаймыз!

Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға береке - бірлік, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймыз:

 Ғажаптың бәрі өзінде,

Көзінде сұлу әлемі.

Әдебі әрбір сөзінде,

Жан емі- оның сәлемі.

 

Келбеті күнге келіскен,

Нәзіктен нәзік сыр ұққын.

Бесіктегі әппақ періштең

Бастауы әдеміліктің!

 

Пәк болып туған о бастан,

мүсіні мыңды арбаған.

Көңілі оның Көк аспан,

Көркінің құны бар ғалам!

 

Даладай дархан пейілін

Ұлдары РУХ санаған,

Болмысы тұнған мейірім,

Ол менің әппақ жан анам.

 

Ғасырдан жеткен ғасырға ,

Ұлтымның ұлы дастаны.

Ол сенің қарындасың да,

Ол менің қарындастарым.

 

Жоғалтып бастың салмағын,

Сандалған талай ғашық ұл.

Біреудің болса арманы,

Бір үйдің қазынасы бұл!

 

Шынайылыққа заты мол,

Пәктіктің өзі турасы.

Жүрегі жалын ақын ол,

Немесе ақын музасы.

 

Кессе де ептеп бұрымды,

Бәрібір сұлу жаны, нұр.

Жүрегі оның бұрынғы,

Қазақтың қызы ол бәрібір!

 

Өзінде бәрі ғажаптың,

Көзінде көркем әлемі.

Ақиқат жалғыз:

Қазақтың

қызының бәрі әдемі!

Авторы: Рахат Әбдірахманов

Фото на 8 марта 1.jpg