Қазақстанның негізгі заңнамасының күні саналатын 30 тамыз – біздің байтақ даламыздың әрбір азаматы үшін мереке. Қазақстанның Ата заңы – еліміздің демократиялық дамуының берік іргетасы. Конституцияны қабылдау адам мен азаматтың құқығын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болғаны анық. Бұл Қазақстанның әлемдік аренадағы халықаралық беделінің артуына ықпал етті.
Өз елін құрметтейтін әрбір азамат үшін оның құқықтық негіздері, тіпті, «Конституция» деген сөздің өзі зор мәнге ие. Бұл – жай ғана адал ниеттің декларациясы емес, шынайы қызмет ететін құжат. Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығын, қуатты мемлекетіміздің егемендігі мен бүтіндігін сақтайтын темірқазық.
Тәуелсіз 30 жылдағы еліміздің Конституциясы қабылданған күнмен құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, құт-береке мен жайлылық тілейміз.
Рухтарыңыз асқақ, келешекке деген сенімдеріңіз айқын, жігерлеріңіз қайратты, әрбір бастамаларыңыз ел игілігі үшін жемісті болсын!