ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Орталық клиникалық ауруханасында есту қабілетін жақсартуға бағытталған операция жасалды.
• Тимпанопластиканың көмегімен, ұзақ уақыт бойы есту қабілетінің бұзылуынан зардап шегіп, құлағынан ірің ағып келген пациенттің денсаулығы қайта қалпына келтірілді. Бұл операция ортаңғы құлақтың бұзылған элементтерін, нақтырақ айтқанда құлақ жарғағын, есту сүйекшелерінің тізбегін, есту түтігін және жарғақ қуысын қалпына келтіруге бағытталған.
• Ол жалпы наркозбен, құлақтың сыртқы есту жолдары арқылы жасалады. Операция үлкен дәлдікті қажет етеді және микроскоппен жасалады. Операция әдетте мирингопластикамен аяқталады (құлақ жарғағының тесігін жабуға бағытталған операция).
• Аталған құлақ жарғағын қалпына келтіру бойынша есту қабілетін жақсартатын операцияны дәрігер-оториноларинголог Арман Кәкімжанұлы Нагуманов операциялық емдеудің onlay атты заманауи технологиясымен жасады.
• Аурухана түрлі лор-патологиясы бар пациенттерге жоспарлы түрде де, сондай-ақ шұғыл түрде де мамандандырылған көмек көрсетеді.
• Клиниканың технологиялық жабдықтары ортаңғы құлаққа бір текше сантиметр көлемдегі бірегей операцияларды жасауға мүмкіндік береді. Операцияның бұл түрі тіпті есту мүкістігі асқынған жағдайда да оны қайта қалпына келтіруге көмектеседі.