Басты бетҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы жүйесінде «ҚР Халқына медициналық көмектің қолже...

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы жүйесінде «ҚР Халқына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету»

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы жүйесінде «ҚР Халқына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар-кеңестің бірінші күні өтті. Оффлайн / онлайн форматында өтетін семинар жұмысына денсаулық сақтау саласындағы 110-нан астам маман қатысты. Семинардың бірінші күні қазақстандықтардың заманауи медициналық қызметтерге тең қол жеткізуі үшін денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу орталықтың медициналық ұйымдарына ҚР халқына медициналық қызмет көрсету бойынша бәсекелес ортаға кіруге мүмкіндік беруі, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қағидаты - пациенттің дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы жайлы талқыланды. БАҚ өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы Президенттік клиникасының қазіргі заманғы ядролық медицина орталығымен, геномдық зертхана бөлімшесімен, операциялық бипланымен  танысты (ПТР тестпен).

Ертең қарқынды және жемісті жұмыс күні. Күн тәртібінде -14 өзекті тақырып, оның ішінде «обырды диагностикалау мен емдеудегі заманауи тәсілдері», «заманауи ортопедия мүмкіндіктері», «кадрлар даярлау» және басқа да өзекті мәселелер қаралады. Жүйенің қазіргі жағдайда дамуы мен жұмыс істеуі, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың жоғары технологиялық әдістерін қолдана отырып, азаматтарға медициналық көмек көрсету мәселелерін қазақстандық дәрігерлер Германия, Франция, Түркия, Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Балтық елдерінің медициналық клиникаларындағы әріптестерімен талқылайды.

WhatsApp Image 2021-11-12 at 11.00.34.jpeg

WhatsApp Image 2021-11-12 at 11.00.34 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-11-12 at 11.00.35 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-11-12 at 11.00.33.jpeg

WhatsApp Image 2021-11-12 at 11.00.35.jpeg