Басты бетПрезиденттік клиникаға Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді

Президенттік клиникаға Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді

Президенттік клиника Аккредиттеу орталығы өткізген денсаулық сақтаудағы сапаға қатысты қызметті бағалаудан сәтті өтті. Ауруханаға Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді. Ұлттық аккредиттеу клиникамыздың халыққа медициналық қызметті жоғары деңгейде көрсетіп келе жатқандығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ұйымдағы барлық бөлімшелер мен процестер ұлттық стандарттар бойынша бағаланды.

Дәрігерлеріміз шетелдің жетекші клиникалары мен университеттерінде өз біліктіліктерін үнемі арттырып отырады. Аурухана ұжымы оқу, тәжірибе алмасу, меморандумдар жасасу арқылы практикалық және теориялық дағдылардың жоғары деңгейіне жетуге ұмтылады. Ауруханаға Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатының берілуі қызмет сапасының жоғары стандартын, пациент үшін жайлылық пен қауіпсіздікті көрсетеді.

WhatsApp Image 2021-12-08 at 10.38.52.jpeg