Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасы Іс Басқарушысының орынбасары Қанат Бейбітұлы Шөкенов және ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Сәуле Дүйсебекқызы Кисикова қатысты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ҚР ПІБ Медициналық орталығының 300-ге жуық қызметкерлері «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарымен, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен және денсаулық сақтау саласының төсбелгілерімен марапатталды.
Қанат Бейбітұлы қызметкерлерге алғыс білдіріп, еңселі мерекемен құттықтады.
«Мен сіздердің әрқайсыңызға кәсіби жұмыстарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді! Әрқайсыңыз ортақ іске баға жетпес үлес қостыңыздар», - деп Сәуле Дүйсебекқызы іс-шараны қорытындылады.