Бұл бүгінгі таңда Қазақстандағы ең қуатты және жылдам томографтардың бірі, ол гентридің бір айналымы үшін 128 тілім береді. Аппараттың сәулелену дозасы ең азы. Томографтың көмегімен мамандар адам ағзаларына медициналық зерттеулердің барлық түрлерін, тіпті виртуалды колоноскопия (КТ-колонография) мен бронхоскопияны да жасай алады.
- Бүгін біздің аурухананың көптен күткен арманы орындалды, біз сәулелік диагностика процесінде мүмкіндіктерімізді арттыратын жаңа жабдық алдық, - деп атап өтті клиника Президенті Рустам Албаев жаңа кабинеттің тұсаукесерінде, - мұның барлығы ең алдымен біздің амбулаториялық пациенттеріміз үшін жасалады. Біз жақын арада жаңа ультра МРТ және болашақта аурухана негізінде сәулелік диагностика орталығын ашамыз деп жоспардамыз.
КТ кабинетінің жұмысы 10 ақпаннан басталды және кез келген адам онда тексеруден өте алады.