Қаулыға сәйкес Парламент Палаталарының ғимараттарына адамдарға, оның ішінде БАҚ қызметкерлеріне жасыл мәртебесі бар «ASHYQ» қосымшасы арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ashyq қосымшасында «көк» мәртебесі бар тұлғалар теріс нәтижелі ПТР анықтамасымен (36 сағат ішінде жарамды) ғимаратқа кіре алады.
COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсымен вакциналанған, вакциналанған сәттен бастап 21 күн ішінде COVID-19-ға қарсы бірінші компонентпен вакциналанған, сондай-ақ соңғы 3 ай ішінде COVID-19-ға қарсы ревакциналанған науқастар жасыл мәртебеге ие.
Осы қаулы 2022 жылғы 14 ақпанда күшіне енді.