Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы мен подведомстволық мекемелердің қызметкерлері «Birge – taza Qazaqstan» атты экологиялық жалпы республикалық акцияны қолдады. Сенбілікте барлық обьектілерде қысқы кезеңнен кейінгі абаттандыру және тазалау жұмыстары жүргізілді.
Қоршаған ортаның көркеюі мен дамуы үшін маңызды болып табылатын жалпы республикалық сенбілікке 600 ге жуық қызметкер қатысып, саниятариялық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Адам денсаулығының айнымас бір бөлігіне айналған табиғат тазалығын қалыптастыруға бағытталған аталмыш шараларға қызметкерелер алдағы уақытта да атсалысып, акциялар өз жалғасын табатын болады.