Нейрохирургтар миды терең стимуляциялау операциясынан кейін пациентте қашықтықтан нейростимуляциялау жүйесін алғашқы қосуды жүргізді. Жаңа жүйе дәрігерлерге науқастың орналасқан елдімекеніне қарамастан параметрлерді өзгертуге және науқастың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай нейростимуляторлар паркинсон ауруынан зардап шегетіндерге орнатылады.
«Бейне байланыс арқылы нақты уақыт режимінде біз әртүрлі сынамалар жасай аламыз. Параметрлерді және ынталандыру жиілігін өзгерте отыра, осылайша пациенттердің жағдайын жақсарады. Жаңа стимулятордың арқасында пациенттер дәрігерге тәуелділігі азаяды, олардың бос уақыты көп болады»- деп бөлісті Президенттік клиниканың нейрохирургі Раушан Таутанова.
Нейростимулятор 71 жастағы қарт адамға орнатылды. Шамамен 10 жыл бойы ол паркинсон ауруына қарсы дәрі-дәрмектерін қабылдады. Президенттік клиниканың дәрігерлері науқасты тексеруден өткізіп, содан кейін жаңа нейростимуляторды орнату туралы шешім қабылдады.