Басты бет8 сәуір – Нейрохирургия күні

8 сәуір – Нейрохирургия күні

Бүгін, 8 сәуірде әлемде - перифериялық және орталық жүйке жүйесінің құрылымдары мен мүшелерінің ауруларын диагностикалау және хирургиялық емдеумен айналысатын мамандар, нейрохирург дәрігерлер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында Нейрохирургия бөлімі халыққа қызмет көрсетуде. Бөлім жаңа жабдықтармен жабдықталып, заманауи инфрақұрылыммен жаңғырылған.

Президенттік аурухананың нейрохирургиялық командасы келесі мамандандырылған дәрігерлерден тұрады: невролог, эпилептолог, нейрорадиолог, нейроанестезиолог, нейрохирург, нейрореабилитолог.

Медициналық көмектің барлық кезеңдерінде хирургиялық диагностика, нейрохирургиялық хирургия, операциядан кейінгі жеке бағдарламалау және нейрореабилитация тәсілдері жеке-жеке жасалады.

Нейрохирургиялық салада топтық жұмыстар күрделі мәселелерді шешуде, мысалы, қол жетпейтін ісіктер мен мидың күрделі аневризмалары, фармакорезистентті эпилепсия және паркинсон ауруы сияқты ауруларды емдеуде барынша тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беруде.

Еліміздегі ең үздік дәрігерлердің бірі, функционалдық нейрохирургия қауымдастығының Президенті, нейрохирург-дәрігер - Азат Шпеков.

Президенттік ауруханада жұмыс істеген 16 жыл ішінде 2500-ден астам ота жасады.

Құрметті нейрохирург-дәрігерлер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге шын жүректен жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Практикалық және ғылыми қызметте жетістіктеріңіз көп болып, әр күндеріңіз шабытқа толы болсын!

08 04 фото.jpg