Құрметті ғылым қызметкерлері, ғалымдар, жас ізденушілер!
Сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ғылымды дамыту – Қазақстанның аса маңызды басымдығы болып қала беретінін» басты назарда ұстап отыр.
Сондықтан қазіргі уақытта біздің алдымызда ғылымды жаңа бағыттар бойынша дамытудың ауқымды міндеттері тұр.
Ғылым ел экономикасының дамуында үлкен рөл атқаруда. Ғылымсыз, жаңа технологиялар мен білімді енгізусіз, цифрландырусыз, біз көріп отырғанымыздай, экономикада да, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес. Қазақстандық ғалымдар отандық ғылымның перспективалық бағыттарын дамыта отырып, маңызды міндеттерді шешуде белсенді еңбек етуде. Мемлекет өз тарапынан перспективалы ғылыми орталықтарды қолдау жөнінде белсенді шаралар қабылдап, ғалымдардың кәсіби өсуіне жағдай жасауда.
Жыл сайын медицина саласының да ғылыми әлеуеті артуда. Медициналық бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіліп, халықаралық байланыстар дамуда.
Медицина саласындағы жас ғалымдарымыз жетістікке жету үшін – оларға қолайлы жағдай жасалуда.
Осы мереке күні сіздерге жаңа ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер, табыс, зор денсаулық және отбасылық амандық тілейміз!