Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы баршаңызды бірлік пен татулықтың, ырыс пен ынтымақтың мейрамы – 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Бірлік күні – сүйікті Отанымызға деген сүйіспеншілік пен қазақстандық патриотизмнің, ауызбіршіліктің жарқын көрінісі.
Бүгінде басты жетістігіміз этносаралық және конфессияаралық келісім, өзара түсіністік пен сыйластық десек, еліміз әлемге қоғамдық келісімнің ерекше моделін қалыптастырушы мемлекет ретінде танылды.
Бірлік пен татулық мерекесі әр отбасына бақ-береке, ырыс-несібе, қуаныш пен шаттық әкелсін!
Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ғұмыры мәңгі болсын!