Басты бетОрталық клиника дәрігерлері Анадолу клиникасында

Орталық клиника дәрігерлері Анадолу клиникасында

Еліміздің медицина саласының қызметкерлері әрдайым шетелдегі әріптестермен тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіруде.

Алматы қаласындағы Орталық клиникалық аурухана дәрігерлері Стамбулдағы Анадолу атақты түрік клиникасында бір апталық тағылымдамадан өтті. Оқу апталығы екі аурухана арасында бұдан бұрын қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум нәтижесінде жүзеге асты. Семинар қазіргі заманда өте өзекті – онкологияда зертханалық және патоморфологиялық зерттеулердің заманауи әдістерін ұйымдастыру бойынша өтті. Түрік еліндегі әріптестеріміз айтқан әзірлемелер таргетті терапияны іріктей отырып, онкологиялық аурулардың кең спектрін ерте және жылдам диагностикалауға, сондай-ақ емдеу динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.

Әлемге әйгілі клиникаларда тағылымдамалардан өту, медицина саласында өте пайдалы, себебі, пациенттерге уақытылы және тиімді көмек көрсету үшін дәріглерлер барлық заманауи әзірлемелер мен әдістемелерді жете түсінуі қажет.