Басты бетАлғашқы халықаралық воркшоп

Алғашқы халықаралық воркшоп

Бүгін Алматы қаласындағы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында (СОВМИНКА) медициналық және сауықтыру туризмі бойынша алғашқы халықаралық Workshop өтуде.

Workshop-қа GMSclinic (ЭКО, стоматология) - Мәскеу, Ресей; EVEX Clinics (клиникалардың көпсалалы желісі) - Тбилиси, Грузия; Estetik International (Пластикалық хирургия) - Стамбул, Түркия; GMTP Medical (БЦП, оңалту) - Салоники, Греция; SALUSS Medical Group (Эстетикалық медицина) - Стамбул, Түркия; Минск облыстық клиникалық ауруханасы (көпсалалы клиника) - Минск, Беларусь; "Джамси" клиникасы (ортопедия, травматология) - Махачкала, Ресей сияқты шетелдік медициналық мекемелері қатысуда.

Воркшопты ұйымдастырудың негізгі мақсаты – медицина саласында диагностика мен емдеу сапасын арттыру. Соңғы уақытта әлемде туризмнің жаңа бағыты – медициналық туризм танымал бола бастады. Көптеген адамдар білікті медициналық көмекке жүгініп, олар көбінесе тұрақты тұратын жерлерінен тыс жерлерде, шетелдерде ем алуда. Медициналық туризм саласындағы әлемдік жағдай үнемі өзгеріп отырады. Бұрын Батыс Еуропа мен АҚШ көшбасшы болып саналса, бүгінде оларды Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ауыстырды. Соңғы уақытта медициналық туризмнің Қазақстанда да қарқын алып келе жатқаны баршаға мәлім.