ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханаларының дәрігерлері әрдайым республикадағы аймақтарға арнайы барып, мастер класстар, тегін қабылдаулар өткізіп тұрады.
Орталық клиникалық аурухананың дәрігерлері Ақтөбе қаласындағы Медициналық жедел жәрдем ауруханасында 2 күн ішінде ми тамырларының окклюзиясы (бітелуі) диагнозы бар 3 науқасқа ота жасады. Барлық емделушілерге экстра-интракраниальды ұсақ тамырлы анастомоз операциясы сәтті жүргізілді. Бұл операция бітелген тамырдың орнын айналып өтіп, ми артерияларындағы қан ағымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Білікті дәрігерлеріміздің аймақтарға сапары әлі де жалғасып, емделушілердің сауығып кетуіне жәрдем жасайды.