Құрметті медицина саласының ардагерлері мен қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Медицина саласында білімі мен тәжірибесін халықтың саулығын қорғауға бағыттаған баршаңызға алғыс айтамын!
Дені сау адам – қоғамның байлығы. Сондықтан, кез-келген мемлекет ел азаматтарының денсаулығын сақтауды, әл-ауқатын арттыруды бірінші кезекке қояды. Бұл ретте, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған міндеттеріне сәйкес медицина саласын дамытуға, медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге бар жағдай жасалып келеді.
«Басты байлық – денсаулық», – деген бабаларымыз. Ал, Ұлы дәрігер Гиппократ: «Медицина шындығында өнер атаулының ішіндегі ең игісі» деген екен. Расында, адам жанына арашашы болғаннан артық игілік жоқ. Антына адалдық танытып, күн сайын ерлікке тең іс атқарып жүрген сіздердің әрқайсыларыңыз барлық құрметке лайықсыздар.
Әлемді жаулаған індетпен күрес кезінде қаза болған денсаулық сақтау саласы мамандарының бейнелері мәңгі жадымызда қалады.
Баршаңызға еңбекте табыс және мықты денсаулық тілеймін. Отбасыларыңызда береке-бірлік, елімізде тыныштық болсын!
Кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер!
Ізгі ниетпен, Сәуле Кисикова