Басты бетКӨКӨНІСТЕР МЕН ЖЕМІСТЕРДЕГІ ПЕСТИЦИДТЕР

КӨКӨНІСТЕР МЕН ЖЕМІСТЕРДЕГІ ПЕСТИЦИДТЕР

Қазіргі әлемде көкөністер мен жемістерді өнімділік үшін қорғауда әртүрлі пестицидтер (улы химикаттар) қолданылады, олардың 200-ден астам түрі бар.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында «Көкөністер мен жемістерде Dieldrin және Endrin пестицидтерін анықтау» бойынша жаңа әдісі енгізілді.

Бұл пестицидтер өте улы және қоршаған ортаға төзімді, адам ағзасында жиналып, гормоналды немесе эндокриндік жүйеге әсер етуі мүмкін. Олардың көкөністер мен жемістердегі құрамы қатаң түрде қалыпқа келтіріледі.

Зерттеудің осы әдісін енгізу талдау сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп, орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ жүргізетін зерттеулер номенклатурасын кеңейту мақсатында енгізілді.