Президенттік клиниканың роботталған хирургия орталығының басшысы Көкшетау қалалық ауруханасының дәрігерлеріне жаңа жабдықта жұмыс істеудің дұрыс әдістерін үйретті. Бахтияр Қасымов әріптестерімен лапароскопиялық операциялардағы мол тәжірибесімен бөлісті.
Бахтияр Қасымов: «Мен көкшетаулық әріптестеріммен тәжірибе алмасу, жаңа жабдықты дұрыс пайдалануды көрсету мақсатында келдім. Осындай шеберлік сыныптарында емшараның қыр-сыры мен ерекшеліктерін өз көзіңізбен көре аласыз. Соңғы технологиялардың Көкшетауға жеткені қуантады, енді қала мен өңір тұрғындары қауіп-қатері аз ем ала алады», – деп бөлісті.