Басты бет«ALMATY RESORT» САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНА 55 ЖЫЛ

«ALMATY RESORT» САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНА 55 ЖЫЛ

1967 ж. 17 маусымда Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің төртінші Бас басқармасының «Алма-Ата» санаторийі ашылды. Партия қызметкерлері мен еліміздің еңбек сіңірген азаматтары үшін сауықтыру орнын Компартияның бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың өзі таңдаған.

Сауықтыру орталығының басты ерекшелігі - Теңіз деңгейінен 1052 метр биіктіктегі таулардың әдемі көрінісі.

2012 жылы «Almaty resort» сауықтыру орталығына 5 жұлдызды қонақ үй мәртебесі берілді.

Медициналық кешенде кардиология, гастроэнтерология, терапия, неврология, эндокринология, урология, гинекология, аллергология, офтальмология, ЛОР аурулары сияқты бейіндер бойынша пациенттерді емдеу, сауықтыру және оңалту жүргізіледі.

Бүгінгі таңда шипажай жылына 10 мыңға дейін қонақтарды қабылдайды, олардың көпшілігі қайта оралады, бұл қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен ерекше атмосфераның дәлелі.