ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының стоматология бөлімшесінде қандай қызметтерді алуға болады?
- жоспарлы және шұғыл амбулаториялық-емханалық стоматологиялық көмектің барлық түрлері;
- дәрігерлік комиссияның өтініш берушіні біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен емделуге жіберу туралы қорытындысы (тіркелген халық үшін);
- біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен тістеріңізді емдете аласыз (тістерді протездеу және имплантация).
ҚР ПІБ Медициналық орталығының стоматологиялық бөлімшесінің жоғары кәсіби стоматологтары тісті емдеу кезінде үздік әлемдік өндірушілердің тек ең сапалы материалдарын пайдаланады, бұл, әрине, тамаша нәтижеге кепілдік береді. Мұндағы стоматолог-дәрігерлердің жоғары біліктілігінің арқасында емдеудің барлық процесі, соның ішінде тісті протездеу еш ауыртпалықсыз өтеді.
Қосымша ақпарат үшін: :+7 7172 70 81 78
Ақпаратты өзіңізге сақтап алып, жақындарыңызбен бөлісіңіз!