Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Бас санитариялық дәрігерінің 01.07.2022 ж. Қаулысына сәйкес орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволық мекемелерде COVID-19-дың таралу салдарын болдырмау мақсатында келесі іс-шараларды орындау тапсырылады:
- Тәуекел тобындағы адамдарды қашықтықтан жұмыс жасау форматына көшіру (жүкті әйелдер, КВИ-ге қарсы вакциналауға және қайта вакциналауға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар адамдар);
- СOVID-19 расталған адаммен байланыста болған адамдар үшін еңбекке жарамсыздық парағын ашпай және ПТР-тестін тапсырмай, 7 күнге қашықтықтан жұмыс жасау форматы қамтамасыз етілсін;
- Мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында жиналыстарды, отырыстарды, конференцияларды және басқа да бұқаралық іс-шараларды бетпе-бет форматында өткізуге 10 адамнан аспаған жағдайда рұқсат етілсін. Қатысушылар саны 10 адамнан асқан жағдайда онлайн форматта өткізу ұсынылады;
- Алыс және жақын шетелден келген адамдарға 3 күн мерзімге үйде оқшаулануды, үшінші күнге өз қаражаты есебінен ПТР-тестін тапсыруды қамтамасыз етсін. ПТР-тестінің нәтижесі теріс болған жағдайда жұмысқа еркін шығу қамтамасыз етілсін;
- Жабық ғимараттарда, қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі қамтамасыз етілсін;
- КВИ-ге қарсы вакциналау мен қайта вакциналауды жалғастыру.
Ескерту: Қаулы 04.07.2022 ж. күшіне енеді
ҚР ПІБ Медициналық орталығының
баспасөз қызметі