Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жүйесіндегі тәлімгерлік институтын дамыту және нығайту шеңберінде «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ базасында PhD докторы, еңбек қатынастары саласындағы сарапшы-практик, ICBT сертификатталған бизнес-тренер, ICTA НЛП-практик, сертификатталған коуч – Нұрашева Бибігүл Шәкірбайқызының және ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының бас тәлімгері – Төлеуова Әлия Асылбекқызының қатысуымен тәлімгерлер үшін оқыту іс-шаралары өткізілді.
Осылайша, 2022 жылғы 22 маусымда ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарының ІІ-санаттағы тәлімгерлер және кадр қызметі мамандары үшін «Ұйымда тәлімгерлік қызметті жүргізу: коммуникациялар мен жанжалдарды басқару. Тәлімгерлік және менторлық: құралдар мен технологиялар» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренинг шеңберінде тәлімгерлік қағидаттары, ұйымдарда тәлімгерлікті дамытудағы II-санаттағы тәлімгерлер мен кадр қызметі мамандарының құқықтары мен міндеттері, тәлімгерлікте пайдалану үшін коучингтің негізгі технологиялары, тәлімгердің қамқорлыққа алынушымен дұрыс қарым-қатынас жасау негіздері қарастырылды.
Сондай-ақ, 2022 жылғы 23 маусымда І-санаттағы тәлімгерлер үшін «Тиімді идеологиялық жұмысты жүргізу: коммуникациялар мен жанжалдарды басқару» тақырыбында тренинг өткізілді, онда І-санаттағы тәлімгерлердің идеологиялық жұмысы және олардың ұйымдардағы рөлі, тәлімгерлік корпоративтік идеологияны тарату, трансляциялау және еңбек дауларының алдын алу құралы ретінде қарастырылды.
Тәлімгерлік бойынша семинарлар циклін қорытындылаушы ретінде ұйымдардың бірінші басшылары мен бас тәлімгерлерін «Басшылар үшін тәлімгерлік. Ұйымдарда тәлімгерлікті дамыту. Тәлімгерлік институтын іске асырудың стратегиясы мен тактикасы» тақырыбындағы оқыту 2022 жылдың 25 маусымында өтті.
Сондай-ақ, оқыту нәтижелері бойынша тыңдаушылар тиімді коммуникациялар құру, адамдарды оқу және оларды эмоционалды фон бойынша басқару, эмоциялық интеллект және жанжалдарды басқару, эмоцияларды басқару әдістері, кері байланыс технологиялары және т.б. мәселелеріндегі өз дағдыларын арттырды.
Оқытуларға ҚР ПІБ ведомстволық қарасты 17 ұйымынан 63 қызметкер қатысты.