Педагог жұмысы шәкірттерінің жетістігінен көрінеді. ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының балалары әрдайым өз номинацияларында жоғары деңгейде болатынын жүргенін көріп отырмыз. Бұл – педагогтердің дарынды балалармен жүйелі және мақсатты жұмысының көрсеткіші.
Жоғарыдағы сөзіміздің дәлелі ретінде сіздерге жағымды жаңалықты жеткізгіміз келеді. Талантты тәрбиеленушілеріміз бізді тағы да өз жетістіктерімен қуантты. «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері жақында «GULNAR FEST» халықаралық фестиваль-конкурсына қатысты. Нәтижесінде біздің балалар «Хореография» номинациясы бойынша 1 орын және кубок иеленді.
Айта кету керек, бұл байқау балалар өнерін насихаттау, дарынды балалар мен кәсіби мамандардың шығармашылық әлеуетін анықтау, ашу, жас ұрпақты рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеудің негізгі факторы ретінде балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту мақсатында өткізіледі. Фестиваль біздің балалардың да шығармашылық қабілетін арттыра түсті деп сенеміз.
Біздің жеңімпаздарды («Ақжелкен» тобы) және олардың өнегелі тәлімгерлерін (хореограф – Ерғалиева әсем және тәрбиеші – Манкараева Айнұр) жоғары жетістіктермен құттықтаймыз!