Басты бетАБАЙЛАҢЫЗ, АПТАП ЫСТЫҚ!

АБАЙЛАҢЫЗ, АПТАП ЫСТЫҚ!

Осы аптада Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы қырық градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты дәрігерлер күн астында көп жүрмеуге кеңес береді. 
- Қауіп тобындағылар гипертониктер, егде жастағы адамдар мен балалар, - деп ескертті ҚР ПІБ Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасының жалпы практика дәрігері Арина Кирдяйкина.

 - Күннің ыстығынан ересек адамдардың қан қысымы көтеріледі, криздер, инсульттер жиілейді, балаларға күн өтеді, бас ауырады, лоқсу, құсу, тіпті талып қалу жағдайлары да кездеседі. Сондықтан күн қатты ысыған кезде сағат 12-ден 17.00-ге дейін серуенге шықпаған жөн, бас киім киіңіздер, қолшатыр ұстаңыздар. Сонымен бірге, көбірек сұйық ішу керек және бөлме температурасындағы, суық су шөлді қандырмайды және ангина туғызуы мүмкін. Дені сау адамдарда судың көлемі тәулігіне үш литрден аспауы тиіс, басқаларда екіден аспауы керек. Физикалық жүктемені шектеу керек, өйткені ағза онсыз да артық салмақ көтеріп тұр, тер қатты бөлінеді, жиі душ қабылдауды, шомылуды, салқын суға құйынуды ұмытпаңыздар.

Бұдан басқа, дәрігерлер КОВИД жағдайы туралы еске салады, қазір Қазақстанда 1450 ауырған адам тіркелген. Қорғану құралдарын қолдану және көпшілік жерлерге жоламау өз нәтижесін бермек.

 Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!