Басты бетРезидентураға түсушілерге ақпарат

Резидентураға түсушілерге ақпарат

ҚР ПІБ Медициналық oрталығының ауруханасы резидентураға түсушілердің құжаттарын ақылы негізде келесі білім беру бағдарламалары бойынша қабылдайды:

7R01102 «Медициналық генетика»

7R01103 «Урология және андрология ересектердің, балалардың»

7R01104 «Кардиология ересектердің, балалардың»

7R01106 «Оториноларингология ересектердің, балалардың»

Резидентураға жоғары білім мен интернатураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар қабылданады.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 03-25 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Резидентураға түсу емтихандары 2022 жылғы 08-16 тамыз аралығында болады.

100 баллдан кемінде 75 балл жинағандарды түсу емтиханы қорытындысы бойынша резидентураға қабылдау 2022 жылғы 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Резидентурада бір жылдық оқу құны 1 020 000 теңгені құрайды (есепке алу алдында құнының 50% - ы 2022 жылғы 25 тамызға дейін енгізіледі, күнтізбелік жылдың аяқталуына қарай құнының 50% - ы 2022 жылғы 25 желтоқсанға дейін енгізіледі).

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ауруханасының резидентурадағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру қызметіне лицензиясы бар.

Толық ақпарат және құжаттар тізбесі ҚР ПІБ Медициналық oрталығының ауруханасының ресми сайтында: https://bmcudp.kz/kz/science-and-education/otdel-professionalnogo-obrazovaniya/npr-license/postupayushchim/

Құжаттар Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е 495 көшесі, 2-ғимарат, F блогы, 4-қабат, 1-кабинетте сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-14.00) күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін қабылданады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 70-79-52.