Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Бас санитариялық дәрігерінің 28.07.2022ж. Қаулысына сәйкес орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволық мекемелерде COVID-19-дың таралу салдарын болдырмау мақсатында келесі іс-шараларды орындау тапсырылады.
- Тәуекел тобындағы адамдарды қашықтықтан жұмыс жасау форматына көшіру (жүкті әйелдер, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға және ревакцинациялауға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар адамдар);
- СOVID-19 расталған адаммен байланыста болған адамдар үшін еңбекке жарамсыздық парағын ашпай, ПТР-тест тапсырмай 7 күнге қашықтықтан жұмыс жасау форматы қамтамасыз етілсін;
-Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адамға Сovid-19-ға тексеру жүргізу үшін аурухананың сүзгі-кабинетіне жүгіну қажет;
- Covid-19 зертханалық расталған жағдайы бар адамдар анықталған сәттен бастап 10 күнге үй карантиніне оқшауланып, еңбекке жарамсыздық парағын ашады;
- Қаланың басқа зертханаларында анықталған COVID-19 зертханалық расталған жағдайы бар адамдар-еңбекке жарамсыздық парағын ашу және бақылауға алу үшін тіркелген жері бойынша учаскелік терапевтке хабарлау;
- Мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында кеңестер, отырыстар, конференциялар, алқалар және басқа да бұқаралық іс-шараларды бетпе-бет режимде өткізуге тыйым салынсын.
-Мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында азаматтарды қабылдауды өткізуге тыйым салынсын (онлайн-форматта өткізу).
-Алыс және жақын шетелдерден 3 күн мерзімге келген адамдарға өз қаражаты есебінен үшінші күнге ПТР-тест тапсыра отырып, үйде міндетті оқшаулауды қамтамасыз етсін.
-ПТР-тестінің нәтижесі теріс болған жағдайда жұмысқа еркін шығу қамтамасыз етілсін;
- ОМО әкімшілік ғимараттарында шағын лифт кабиналарының толымдылығын 2 адамнан артық емес, үлкендерін 4 адамнан артық емес қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында, жұмыс орындарында маска тағу режимін қатаң 100% сақтауды қамтамасыз ету.
- Көшеде 1,5 м әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкін болмаған жағдайда, адамдар көп жиналатын жерлерде маска режимі ұсынылады.
- ДКК қорытындысымен расталған абсолютті және уақытша қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, барлық тиісті адамдарды КВЭ-ге қарсы вакцинациялауды қамтамасыз ету.
Ескерту: Осы Қаулы 2022 жылғы 28 шілдеден бастап күшіне енеді.
Аталған шектеулердің барлығы-мемлекеттік қызметшілер арасында КВЭ аурушаңдығының өсуіне байланысты қажетті және негізделген шара. Шектеулер эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін уақытша сипатта болады.