Басты бетРезидентура түлектеріне куәлік табысталды

Резидентура түлектеріне куәлік табысталды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында резидентура түлектеріне «Сәулелік диагностика дәрігері» біліктілігі бойынша куәліктер табысталды. Оқу Ядролық медицина орталығы мен рентгендиагностика, компьютерлік және магнит-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика бөлімшелерінің базасында өтті.
Директордың стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары Насрулла Шаназаров 7 түлекке резидентура бітіргені туралы куәлікті салтанатты түрде тапсырып, жас мамандарға сәттілік тіледі. 
«Халықпен жұмыстың қиындығы да, қызығы да мол. Біздің Аурухана қабырғасында білім алып, дәрігер біліктілігін алу – қызметтік борышты өтеу барысында Медициналық орталық Ауруханасы резидентура түлегі атағына лайықты болуды міндеттейді. Алдарыңызға биік мақсат қоя біліп, қиын міндеттерден қорықпаңыздар, бұл міндеттерді шешу арқылы өз-өздеріңізге сенімді бола түсесіздер, кәсіби деңгейлеріңіз арта түседі. Ақ жол, әріптестер!»,- деді Н.Шаназаров.
Медициналық орталықтың Ауруханасы резидентурада «Медициналық генетика», «Ересектер, балалар урологиясы және андрологиясы», «Ересектер, балалар кардиологиясы», «Ересектер, балалар оториноларингологиясы», «Ересектер онкологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды. Оқыту заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен қамтамасыз етілген Аурухананың клиникалық базаларында жүргізіледі.

01 08 фото.jpg