ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растап, JCI аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті.
Joint Commission International (JCI) аккредиттеуі – медициналық қызмет сапасының, пациент қауіпсіздігінің, емдеудің дұрыс және заманауи әдістерін қолданудың ең жоғарғы көрсеткіші. Аурухана осы жылдар аралығында пациенттерді емдеудің қауіпсіздігі мен сапасының «алтын» стандартын растап келеді. Біз үшін бұл – пациенттердің қауіпсіздігі мен қызмет сапасының жоғары болуы бірінші орында екендігінің тағы бір көрсеткіші.
Айта кету керек, Медициналық орталық ауруханасы JCI сертификатын алғаш рет 2016 жылы алған болатын. Сертификат алған медициналық ұйымдар оны әр үш жыл сайын растап отырады.
Медициналық орталық ауруханасының ұжымын халықаралық сертификат алуымен құттықтаймыз!