Басты бет«Стратегиялық HR» іс-шарасы

«Стратегиялық HR» іс-шарасы

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы базасында ҚР Президенті Іс басқармасына ведомстволық қарасты ұйымдарының HR-мамандары үшін «Стратегиялық HR» тақырыбында адами капиталды басқару бойынша оқыту іс-шарасы өткізілді.
Лектор ретінде тренер, психолог, HR саласындағы сертификатталған кәсіпқой маман Костина Әйгерім Қайратқызы шақырылды.
Оқыту шеңберінде қатысушылар адами капитал, ҚР-дағы HR-функциясының кемелденуі, ұйымдардың стратегиялары мен HR-стратегияларының өзара байланысы, өзгерістерді басқарудағы HR рөлі сияқты мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ, оқыту нәтижелері бойынша тыңдаушылар құзыреттілік моделін әзірлеу, персоналды дамыту және оқыту жоспарын құру және HR-процестерді автоматтандыруда өз дағдыларын арттырды.