Көз – адам организміндегі маңызды ағза. Біз айналамыздан негізгі ақпаратты көру арқылы аламыз. Көз – ең маңызды сезім мүшесі.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының офтальмологиялық қызметінде бірінші және жоғары санатты 12 офтальмолог дәрігер жұмыс істейді. Офтальмологиялық кабинет көздің алдыңғы және артқы сегменттерінің ықтимал патологиясын диагностикалау мен анализіне арналған ең заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының офтальмолог дәрігер Ырзық Жарылғасынованың айтуынша көз арқылы ағзаның көптеген жасырын проблемаларын білуге болады. Қантты диабеттің ерте симптомдарын, онкологияның ерте проблемаларын, бассүйекішілік гипертензияның ерте проблемаларын анықтауға болады, өйткені көз – мидың топографиясы сияқты.
Көздің денсаулығы, әдетте, адамның өмір салтына тікелей байланысты. Көру қабілетін сақтау, көз ауруын уақтылы анықтау және емдеуді бастау жылына кемінде бір рет офтальмологқа баруға және көру қабілетінің жоғалуын тежеуге мүмкіндік беретін жалпы ережелерді сақтауға көмектеседі.
Офтальмологтың қабылдауына call-орталыққа қоңырау шалу арқылы жазыла аласыз: 8 (7172) 70-80-90
Офтальмологтарды кәсіби күнімен құттықтаймыз!