Басты бетОМО-дағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты

ОМО-дағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты

Тіркелген контингент арасында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының бас санитарлық дәрігерінің 2022 жылгы 15 тамыздагы қаулысына сәйкес ОМО мемлекеттік қызметшілері мен ведомстволарының жұмыс істеу алгоритмі:

- Мемлекеттік органдардың (ведомстволардың) жұмысын штаттық режимде қамтамасыз ету. Тәуекел тобындағы адамдарға (жүкті әйелдер, КВИ-ға қарсы вакциналауға және қайта вакциналауға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар тұлғалар) қашықтық форматта жұмысты тоқтату. 
ЖРВИ, тұмау белгілері бар тұлғалар дереу жұмыстан шеттетілін(фильтр -кабинетке жіберіледі).

- COVID-19 расталған жағдайы бар байланыста болған тұлғаларға  еңбекке жарамсыздық парағын ашпай, ПТР-тест тапсырмай, 3 күн мерзімге қашықтықтан жұмыс істеу форматын қамтамасыз етсін.
Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адамға COVID-19-ға тексеру жүргізу үшін аурухананың фильтр-кабинетіне жүгіну қажет;

- COVID-19 зертханалық расталған жағдайы бар адамдар анықталған сәттен бастап 10 күнге үй карантиніне оқшауланып, еңбекке жарамсыздық парағын ашады;
- Егер қаланың басқа зертханаларында анықталған  COVID-19 зертханалық расталған жағдайы бар тұлғалар ,  еңбекке жарамсыздық парағын ашу және бақылауға алу үшін тіркелген жері бойынша учаскелік терапевтке хабарлауы қажет;
- Мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында кеңестер, отырыстар, конференциялар, алқалар және басқа да бұқаралық іс-шараларды бетпе-бет  (офлайн) форматта өткізуге рұқсат ету. Қатысушылардың саны 10-нан асқанда бетпреде режимі ұсынылады;
- Мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында азаматтарды қабылдауды жүргізуге рұқсат ету;
- Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды сақтай отырып, мемлекеттік органдардың жұмысын жалғастыру:
- жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау (қолды жиі жуу, санитайзерлерді, қолды өңдеуге арналған жеке антисептиктерді пайдалану);
- мемлекеттік органдардың үй-жайларында вирусқа қарсы әсері бар дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күніне кемінде 2 рет жиі желдете отырып, күнделікті ылғалды тазалауды жүргізуді жалғастыру; -CОVID-19-ны жоққа шығармайтын ЖРВИ, тұмау белгілері пайда болған жағдайда жұмыс орнынан дереу кету; 
- әріптестерінде CОVID-19-ды жоққа шығармайтын ЖРВИ, тұмау белгілері пайда болған жағдайда жұмыс орнынан кетуге және медициналық көмекке жүгінуге кеңес бере отырып, басшылыққа дереу хабарлау;
- санитайзерлерді уақытылы толтыру.
- Алыс және жақын шетелден келген адамдарға өз қаражаты есебінен үшінші күнге ПТР-тест тапсыра отырып, 3 күн мерзімге үйде міндетті оқшаулауды қамтамасыз ету. ПТР-тестінің теріс нәтижесі кезінде жұмысқа еркін шығу қамтамасыз етіледі;
- ОМО әкімшілік ғимараттарындағы шағын лифт кабиналарына қатысты шектеулерді тоқтату;
- Міндетті түрде бетперде режимін   сақтауды қамтамасыз етуді тоқтату.  Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде режимі ұсынылады.  

Ескерту: Осы қаулы 2022 жылғы 16 тамыздан бастап күшіне енеді.