Елімізде жыл сайын некелі жұптардың 15% тұқымсыз болуда, олардың ішінде шамамен 8 мың жұпқа тек ЭКО көмектесе алады.
Бедеуліктің себептері көп, олардың кейбірі эндометрия иммуногистохимиялық зерттеу (ЭИХЗ) әдісімен ғана диагностикаланады.
Бұл әдіс жүкті бола алмау себептерін егжей-тегжейлі анықтауға және тиісті емдеу (ЭКО-ға дайындық, ЭКОның тиімсіздігі) таңдап алуға мүмкіндік береді.
Зерттеуді патоморфология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Жібек Дайырбекова жүргізеді.
ЭИХЗ бұл әдісі пациенттерді ЭКО-ға дайындау кезінде қолданылады, сондай-ақ, әйел бедеулігінің себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Бедеулік бойынша емдеуді және тексеруді гинекология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Шолпан Алиева және гинекология бөлімшесінің дәрігерлері жүргізеді.