ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы қызметкерлері өз білімдерін өзектендіру мақсатында үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отырады. Қазіргі уақытта қызметкерлер «Шу мен дірілді бақылау» қашықтықтан оқыту курсын оқып жатыр. Шу мен дірілді өлшеу − өндірістік бақылаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Өлшеулер қалалардағы, ауылдардағы және басқа да елді мекендердегі аумақтардағы сырт жақтан келетін шу деңгейлерінің және тұрғын және қоғамдық ғимараттардың орынжайларындағы сыртқы және ішкі жақтан келетін шу деңгейлерінің шынайы жағдайында жүргізілуі қажет.
Қызметкерлер «ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау үшін қажетті ережелер мен стандарттар жиынтығының тізбесі қандай нормативтік құжаттармен бекітілетіндігі туралы өз білімдерін толықтырады.