Басты бетҚаржы-экономикалық бағытының қызметкерлеріне оқыту

Қаржы-экономикалық бағытының қызметкерлеріне оқыту

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржы-экономикалық бағытының қызметкерлеріне «Жаңа форматта даму жоспары және жоспарының орындалуы туралы есеп» тақырыбында оқытушы-кеңесшi, Қазақстан Республикасының аудиторы және кәсiби бухгалтерi, CIPFA/ICEW сертификатының иегері Акатаева Инештің қатысуымен оқыту өткізді.

Оқыту аясында қатысушылар мемлекеттік тізілімнің веб-порталында Даму жоспары мен есепті қалыптастыру тәртібімен танысты, нақты мысалдар арқылы жұмыс істеудің пайдалы практикалық дағдыларын игерді.

Тренинг нәтижесінде тыңдаушылар Даму жоспары аясында қаржылық-аналитикалық көрсеткіштерді есептеу технологиясы бойынша біліктіліктерін арттырды.