Басты бет«Қарлығаш» қызметкерлері тамыз конференциясына қатысты

«Қарлығаш» қызметкерлері тамыз конференциясына қатысты

Өткенді қорытындылау және жаңа жоспарларды құру. Бұл – жыл сайынғы Тамыз конференциясының мақсаты. Республикалық тамыз конференциясы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогикалық қызметкерлерінің панельдік секциясының отырысы өтті. Іс-шараны Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» ұйымдастырды. Секция жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, жоғары оқу орындарының, Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ өкілдері, білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменттерінің мамандары, әдіскерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары қатысты. Сондай-ақ ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының қызметкерлері белсенді қатысып, Қазақстан Республикасы БҒМ-нің пилоттық жобасының қорытындысы бойынша марапатталды.

WhatsApp Image 2022-08-26 at 13.25.18.jpeg
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласындағы жаңа оқу жылының мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын жиында ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының N2 нысанның меңгерушісі Раушан Қожахметова пилоттық жобаның қорытындысы бойынша сапалы баяндама жасады. Р.Қожахметова атап өткендей, «Қарлығаш» балабақшасы мемлекеттік инновациялық бастамаларды жүзеге асыруды үнемі қолдап отырады және биыл ҚР ПІБ Медициналық орталығының мектепке дейінгі ұйымы, «Мектепке дейінгі ұйымдар тобында екі педагог» пилоттық жобасын жүргізуге атсалысты. 
«Білім министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясында ведомство алдына балабақшалар мен шағын орталықтардағы мектепке дейінгі тәрбиені жетілдіру міндеті қойылғанын айтты. Осы мақсатта биыл пилоттық жоба енгізіліп, соған сәйкес әр топта күні бойы екі тәрбиеші жұмыс істейді. Біздің «Қарлығаш» балабақшасы аталған пилоттық жобасына атсалысты. 2022 жылдың 19 сәуірі мен 19 маусымы аралығында өткен жобаға 5 педагог, 20 бала, 39 ата-ана қатысты. Олармен тығыз байланыста жұмыс істеп, бақылап, педагогикалық-әдістемелік зерттеулер жүргіздік. Нәтижесі өте қызықты болды», дейді Р.Қожахметова.
Жиын соңында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда пилоттық жобаға белсенді қатысып, кәсіби шеберлік көрсеткені үшін «Қарлығаш» балабақшасының бірқатар қызметкерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» атынан марапатталды.

WhatsApp Image 2022-08-26 at 13.25.26.jpeg