Басты бетӘРТҮРЛІ БЕЙІНДЕГІ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ОҚЫТУ КУРСЫ

ӘРТҮРЛІ БЕЙІНДЕГІ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ОҚЫТУ КУРСЫ

ҚР ПІБ Медицинадық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының бөлім меңгерушілеріне, әртүрлі бейіндегі дәрігерлерге және орта медициналық персоналға арналған «Жарақат. Ауруханаға дейінгі кезеңде көмек көрсету және тактика (жедел жәрдем). PHTLS курсы. Науқасты тасымалдау ерекшеліктері» тақырыбы бойынша екі күндік оқыту жүргізді. 
Теориялық бөлім (4 сағат) бойынша дәріскер ретінде ШЖҚ «№1 Көпбейінді қалалық аурухана» МКК травматологиялық пунктінің меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматологы, 20 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары санатты травматолог-ортопед Солод Алексей Евгеньевич шақырылды. 
Ал практикалық бөлімге (4 сағат) Астана қаласы бойынша Республикалық санитарлық авиация базасындағы орталығы реанимация (ERC) Еуропалық кеңестің  BLS жаттықтырушы-нұсқаушы сертификатының иегері, Израиль жедел жәрдем қызметі (MAD) және американдық жүрек қауымдастығы (AHA) по BLS, ACLS, PALS, PHTLS, BIG (Bonne intraosseous guns)  бойынша сертификатталған жаттықтырушы-нұсқаушы, «ҰШМҮО» ШЖҚ РМК  BLS, ACLS, PALS, PHTLS, BIG бойынша оқыту орталығының нұсқаушысы, медициналық авиация бригадасының (жоғары санатты)  дәрігері, 15 жылдан астам тәжірибесі бар Сартаев Борис Валерьевич шақырылды.
Оқыту нәтижесінде тыңдаушылар травматизмнің негізгі түсініктері, жарақат түрлері және жарақаттардың, сынықтар мен жаралардың жіктелуі бойынша білімдерін толықтырды. Ауруханаға дейінгі кезеңде жарақаттар кезінде көмек көрсету (PHTLS – Pre-hospital Trauma Life Support) бағдарламасы  бойынша оқытылды. Заманауи нұсқаулар негізінде әртүрлі жол-көлік оқиғалары кезінде науқастарға жедел медициналық көмек көрсету алгоритмдерін талдады. Лектор халықаралық тәжірибиесімен бөлісті және бірқатар практикалық құтқару әдістерін жүргізді.

WhatsApp Image 2022-09-07 at 15.06.39.jpeg