Әр сенбі сайын сағат 11.00-13.00 аралығында Медициналық орталық ауруханасының нейрохирургтері пациенттерді тегін қабылдайды. Акция емделген жағдайлардың санын арттыруға және аурухананың нейрохирургиялық бағытын дәріптеуге бағытталған.
– Біз сенбі сайын қабылдаудың кезекшілік кестесін құрдық, бұл бойынша 2 сағат тегін кеңес беретін боламыз. Сондай-ақ, сенбі күні дәрігерге қаралу жұмыс істейтін халық үшін ыңғайлы уақыт, – дейді ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының нейрохирург-дәрігері Азат Шпеков.
Бұл акция орталық және перифериялық жүйке жүйесінің әртүрлі аурулары бар адамдарға көмек көрсету мақсатында өткізіледі (ми тамырларының аурулары, остеохондроз, дискілердің протрузиялары мен грыжалары, ми ісіктері, гидроцефалия, Мойямойя ауруы, гидроцефалия, мальформация Киари, фармакорезистентті эпилепсия, үш тармақты жүйке невралгиясы, гемифациалдық түйілу, құлақтағы шу, Паркинсон, бас аурулары).
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі 80. F блок.
Байланыс телефондары: +7 705 828 74 96, +7 702 355 85 55.