22-23 қыркүйек аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері – кардиохирург Әлібек Тойбаев, ангиохирург Абылай Сейтқалиев, аритмолог Ринат Камиев Қостанай облыстық ауруханасында пациенттерді (18 жастан асқан) тегін қабылдайды.
Көшпелі акцияның мақсаты – республика тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру. Ағымдағы жылдың алты айында 8 өңірде жоғарыда аталған бейіндер бойынша көшпелі акциялар ұйымдастырылып, 700-ден аса пациентке консультация берілді. Биыл қазан айының ортасында МОА дәрігерлері Орал қаласына баруды жоспарлап отыр.
Пациент консультацияға өзімен бірге ала баруы керек:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- кардиохирург қабылдауына: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/КТ дискісі және қолда бар үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;
- аритмологқа қабылдауына: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы.
- ангиохирургқа қабылдауына: қантамыр УДДГ, КТ дискісі немесе аортография және қолда бар үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;
Қостанай қаласында қабылдау күні мен уақыты:
22 қыркүйек, 12:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс13:00-14:00).
23 қыркүйек, 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-14:00).
☎️ Жазылу үшін 8 (7142) 54-17-39 нөміріне қоңырау шалыңыз.