ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында офтальмология бөлімшесіне жүгінушілердің 99%-ы катаракт диагнозымен келеді – бұл дегеніміз көз жанарының біртіндеп немесе жалпылай бұлдыруына әкелетін көру органының патологиясы. Бірақ бұдан басқа, біздің дәрігерлер птеригиумды, халязиумды, қыли көзділікті, папилломаларды да емдей алады, тіпті қабақты түзете алады. Эстетиканың дәл осы саласына қызығушылық медицинаның дамуымен бірге күннен күнге артып келеді, өйткені сыртқы түр үшін және қартаюға қарсы күрес қазіргі заманның ажырамас бөлігіне айналды. Сонымен бірге, бұл бағыттағы басты нәрсе – көздің айналасына жасалатын операцияларды қабақтың анатомиялық құрылысы және эстетикалық хирургия принциптері туралы білімді меңгерген офтальмологтар ғана жүргізуі тиіс, өйткені пациенттің көруіне және көзіне зақым келтіріп алмау өте маңызды.
Бөлімшеде жасалған жағдайлар мен дәрігерлеріміздің кәсібилігі осы талаптарға толығымен сәйкес келеді. Басқа мамандандырылған клиникалардан айырмашылығы, СОВМИНДЕ көз бөлімшесінің пациенттері оған қоса бүкіл ағзаның кешенді тексеруінен өте алады және кардиологтан бастап ортодонтқа дейін барлық бейіндер бойынша мамандардан қажетті көмек және консультация алуына болады, онда, сондай-ақ, жайлы палаталар мен ең жақсы тамақ та бар.