Тромбозды емдеудегі соңғы жаңалықтар «Ішкі аурулар клиникасындағы тромбоздар» бірінші ұлттық конференциясында талқыланады. Жетекші кардиологтар Орталық клиникалық ауруханада (СОВМИНДЕ) бүкіл әлемдік тромбозбен күрес күні – 13-қазанда кездеспек. Конференция жұмысына медицинаның әлемдік қайраткерлері - Сорбон (Париж) клиникасы кардиологтарының Еуропалық қоғамы ұсыныстарын үйлестіруші Jean-Philippe Collet, Шарите (Берлин) клиникасының «Инсульт және жүрек» қоғамының президенті Wolfram Doehner , Фредерика (Неаполь) университетінің профессоры Рlinio Cirillio, (Токио) университетінің профессоры Tatsuo Shimasawa қатысады. Докторлар тромбозды диагностикалау мен емдеу бойынша жаңа халықаралық ұсыныстар туралы, қауіп факторлары, қолданыстағы хаттамаларды ішінара ауыстыратын алдын алу мен емдеудің жаңа тәсілдері туралы айтпақ.
- Қазақстан үшін мұндай деңгейдегі конференция өткізу таңбалық оқиға болып табылады, бұл дегеніміз біздің кардиологтарымыздың деңгейі жоғары, бізді тыңдайды, ескереді, біздің ұсыныстарымызды пайдаланады дегенді білдіреді. Конференцияның тромбозбен күрес бойынша халықаралық ұйымның мүшесі – Орталық клиникалық аурузанада өтуі символдық болып табылады, - деп атап көрсетті тромбоз бен гемостаз бойынша қазақ қоғамының төрағасы Ахмеджан Сүгіралиев.
Тромбоз тақырыбы КОВИДТАН кейін өзекті болып кетті, вирустың өзі қантамырлары мәселелерін ушықтырып жіберді, сонымен бірге дұрыс емес емдеу асқынуларға әкелді. Барлық мүдделі мамандарды конференцияда күтеміз.