Басты бетОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГТЕРІ МИ ЭМБОЛИЗАЦИЯСЫН ЖҮРГІЗДІ

ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГТЕРІ МИ ЭМБОЛИЗАЦИЯСЫН ЖҮРГІЗДІ

Орталық клиникалық аурухана нейрохирургтары 37 жасар пациентке ми эмболизациясын (аз инвазивті әдіспен) жүргізді.   
Күретамыр-көктамырлық   мальформация –  мидың немесе жұлынның ирелеңдеген қан тамырларының   патологиялық  шоғырлануын білдіреді.  Қалыпты жағдай бойынша тамырлар кислородқа және қоректік заттарға бай қанды ағза бойымен  тасымалдап жүреді, күретамыр-көктамырлық   мальформация тамырларындағы  қанның құрамында бұл элементтер тапшы болады.  
Күретамыр-көктамырлық   мальформацияның алғашқы белгілер жиынтығы: 
-қалшылдау синдромы;
-естен тану;
-айқын сезілетін бас ауруы;   
-көру қабілетінің төмендеуі.  
Бұл   науқас  әлсін-әлсін қалшылдап,   қатты басы ауыратын,   біртіндеп көруі де әлсірей бастаған еді. Ол дәрігерге Ташкентке көрінген еді, ол жақтан Өзбекстандағы біздің әріптестеріміз  Қазақстанға келіп, Алматыдағы біздің клиникаға емдеуге жатқызу бюросының порталы бойынша тегін емделуді  ұсынды.
Операция жоспарлы түрде жүргізілді, науқастың жағдайы жақсарып, тіпті үйіне шығып та үлгерді.

WhatsApp Image 2022-09-27 at 16.52.37.jpeg