Басты бетТРАНСГЕНДІ ОРГАНИЗМДЕР (ГМА) – ӘЛЕМДЕГІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ТРАНСГЕНДІ ОРГАНИЗМДЕР (ГМА) – ӘЛЕМДЕГІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы 2015 жылдан бастап ГМА-ны (гендік модификацияланған ағза) сәйкестендіруге, шетелге экспорттауға жеткізілетін өнімнің (астық, май, май өнімдері, соя, ет өнімдері) сапасын сәйкестендіру үшін ПТР зертханасымен жабдықталған.  ПТР зертханасында осы бағытта ақылы қызмет көрсету үшін аккредиттеу аттестаты бар.
Селекция - мутациялық гендері бар өсімдіктер мен жануарларды мақсатты іріктеу және олардың негізінде жаңа сорттар мен тұқымдарды өсіруі болып табылады. Ал гендік инженерия - рекомбинантты гендерді енгізу арқылы ағзаларды құру процесі. Негізінде, селекция - бұл адамның басқаруындағы жедел эволюция. Онда табиғи сұрыптау жасанды түрде ауыстырылады. Ал гендік инженерия - адамның гендік жүйеге араласуын жүзеге асыру арқылы ДНҚ жасушаларын өзгерту процесі.
ГМА-ны өсіруге тыйым салған елдер бар, бірақ тамақ, мал азығы ретінде әкелуге және пайдалануға,  ғылыми-зерттеу мақсатында отырғызуға рұқсат етілген. Осыған байланысты орталықтың сарапшылары беретін хаттаманың жеткізілетін өнімнің жақын және алыс шетелге экспорттауға растаудың күші бар.

WhatsApp Image 2022-09-28 at 16.40.13 (1).jpeg