Астанада IX Халықаралық «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» форумы өтті. Онда Қазақстан мен шетелдің жетекші мамандары пульмонология мен сабақтас пәндердің диагностикасы мен емдеу практикасын талқылады.Ұйымдастырушылар – Еуро-Азия респираторлық қоғамымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығы.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының эндоскопист дәрігері Жеңісбек Тыңкөзиев форумда «Өкпе ауруы диагностикасындағы эндоскопиялық инновациялық технология» тақырыбындағы баяндама жасады.
- Баяндамамда мен Медициналық орталығы ауруханасында өкпе және жоғарғы тыныс жолдары ауруларын пациенттің денесін кеспей анықтау жолдарына тоқталдым. Бірегей эндоскопиялық диагностикалық операция –«Трансбронхиальды аспирациялық жұқа инені пункциялайтын эндобронхиалды ультрадыбыстық (EBUS TBNA)» біздің ауруханада 2021 жылы жасалды. Бұл технология Қазақстанда алғаш рет қолданылды. Бұрын бұл емшара тек шетелдік клиникаларда жасалатын. Енді бұл процедура Медициналық орталықтың ауруханасында да бар, – дейді эндоскопист дәрігер Жеңісбек Тыңкозиев.