Басты бетТҮРКИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ АУРУХАНАСЫНДА

ТҮРКИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ АУРУХАНАСЫНДА

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының базасында бірегей навигациялық электрофизиологиялық жүйені қолдана отырып, жүрек ырғағы бұзылуының радиожиілікті абляциясы бойынша Самсун қаласының (Түркия) University of Health Sciences қауымдастырылған профессоры Осман Джан Юнтардың қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді.
Шеберлік сыныбында профессор Медициналық орталық ауруханасының аритмологтары Ринат Камиев және Шалқар Смағұловпен бірге пациенттерге бұрын жасалған радиожиілікті абляция және аритмияның қайталануынан кейін «Columbus 3D EP Navigation System, Microport» аппаратурасында екі сәтті операция жасады. 
Қазіргі уақытта 2 пациент бейіндік бөлімшеге ауыстырылды. Одан әрі тексеру кезінде тахикардия белгілері анықталған жоқ. Пациенттер жақын арада ауруханадан шығарылады деп жоспарлануда. 3 айдан кейін жасалған операцияны бақылау мақсатында тәуліктік Холтер мониторингін жүргізу ұсынылды.

WhatsApp Image 2022-10-06 at 17.08.22.jpeg