18-19 қазанда Орал қаласында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері «Менің сүйікті дәрігерім» көшпелі акциясы аясында пациенттерді (18 жастан бастап) тегін қабылдайды.
Көшпелі акцияның мақсаты – республика тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.
Қабылдау Орал қаласының Облыстық кардиологиялық орталығында жүргізілетін болады. Мамандар тобында: кардиохирург Ерлан Денеев, аритмолог Шалқар Смағұлов, ангиохирург Талғат Сәрсембаев.
Консультациялық қабылдау үшін пациентте өзімен бірге болуы керек:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- кардиохирург қабылдауы үшін: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/ КТ дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;
- аритмолог қабылдауы үшін: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы.
- ангиохирург қабылдауы үшін: қантамырлары УДДГ, КТ немесе аортография дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;
Қабылдау күні мен уақыты:
2022 жылғы 18 қазан, 10:00-18:00сағ. (түскі үзіліс 13:00-14:00 сағ.).
2022 жылғы 19 қазан, 09:00-18:00 сағ. (түскі үзіліс 13:00-14:00 сағ.).