Журналдың №3 (88) санында қоғамдық денсаулық сақтау саласы, практикалық дәрігердің қызметі, «Алматы» шипажайының 55 жылдығына арналған мақалалар жарияланды.
Журналда жетекші ғылыми орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының отандық авторларының, ізденушілер мен практикалық дәрігерлердің мақалалары жарық көреді. Авторлар қатарында ҚР ПІБ Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының, сондай-ақ еліміздегі өзге де медициналық ұйымдардың мамандары бар.
Басылым бетінде медицина ғылымының соңғы жетістіктері, заманауи технологияларды қолдану тәжірибесі, ресми құжаттар, бірегей мақалалар, ғылыми шолуларға орын берілген.
Жарияланған материалдарды кеңінен талқылау, сондай-ақ зерттеулердің нәтижелерін отандық денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу үшін журналдың редакциясы жарияланымдарға толық ашық қолжетімділік саясатын ұстанады.
Сондай-ақ, әр мақала үшін редакциялық алқаның мақұлдауы талап етіледі. Журнал редакциясы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес ғылыми-практикалық мақалаларды қабылдайды.
Журналдың онлайн нұсқасымен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: /ru/heraldmed/